Алматыда 8 метр биіктіктен құлаған құрылысшы мерт болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда тағы бір жұмысшы өндірістік жарақат алып, қаза болды. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.

Медеу ауданындағы құрылыста жұмыс істеп жүрген «Азия Билдинг Групп» холдингінің жұмысшысы 8 метр биіктіктен құлап, жазым болды. Оқиға «Достық Плаза» сауда үйінің жаңадан салынып жатқан нысанында орын алған. 1990 жылы туған азамат Н. Беспаев алған жарақаттарынан жедел жәрдем көлігінде көз жұмды.

Соңғы жаңалықтар