+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Алматыда 8 көлік соқтығысып, үш адам зардап шекті

2020 жылғы 21 қаңтар 12:22
Бөлісіңіз:
Алматыда 8 көлік соқтығысып, үш адам зардап шекті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 8 көлік соқтығысып, үш адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысында волонтерлер полиция қызметкерлеріне көмектесуде Қостанай облысында 8 пойыз бағыты тоқтатылды Елорда әкімі қоғамдық көліктердің неліктен жаппай тоқтатылғанын түсіндірді

Ірі жол-көлік оқиғасы бүгін таңертеңгі уақытта болды. Сайын мен Жандосов көшелерінің қиылысында сегіз автокөлік соқтығысып, үш адам жапа шекті.

«№7 қалалық клиникалық ауруханаға 2 науқас жеткізілді. 1992 жылы туған ер адамға бас және бастың жұмсақ тіндерінің жарақаты диагнозы қойылды. 1976 жылы туған әйелге кеуде, омыртқа жарақаты, оң жақ аяғының төменгі тұсы және сол жақ тізе буынындағы жұмсақ тіндердің жарақаты диагнозы қойылды», - деді қалалық денсаулық сақтау басқармасы.

Тағы бір адам Алматы облысына қарасты ауруханаға жеткізілді. Олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Дәрігердің тексеруінен кейін бәрі амбулаториялық ем қабылдауға жіберілді.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Көлік,
Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT