Алматыда 8-қабаттан құлаған қызға қатысты іс қозғалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы 8-қабаттан секіріп, мерт болған 19 жастағы қызға қатысты деректерді жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған қайғылы оқиға бойынша ҚР ҚК 105-бабымен өзін- өзі өлтіруге итермелеу деген айыппен қылмыстық іс қозғалды.

19 жастағы ҚазАҰУ-дың студенті жас жігітпен әлеуметтік желі арқылы танысқан. Екеуі Алатау ауданындағы пәтерлердің бірінде кездеспек болған.

Қазір полиция болған істің мән-жайын анықтап жатыр.

«Қыз кездесуге өз еркімен келген. Бейнекамерадағы кадрларда олардың жалғыз болғаны анықталды. Ол жерде топ болмаған. Қазір жас жігіттен жауап алынып жатыр», - деді ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Әзірге қыздың не себеппен секіріп кеткені белгісіз. Арнайы сот медициналық сараптама тағайындалды.

Айта кетейік, 19 жастағы бойжеткенге туыстары іздеу жариялаған. Олар қызды біреу алып қашуы мүмкін екендігін айтқан. Бойжеткеннің өлі денесі Алатау ауданынан табылды.

Соңғы жаңалықтар