Алматыда 78 тонна дизель отынын заңсыз сатқан ЖШС басшысы сотталды
2022 жылғы 12 тамыз 09:51

Алматыда 78 тонна дизель отынын заңсыз сатқан ЖШС басшысы сотталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алматыда «AA Trade Company» ЖШС басшысына қатысты аса ірі көлемде мұнай өнімдерін заңсыз сақтау және сату фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі.

Тергеу барысында ЖШС басшысы жалпы сомасы 14,6 млн теңгеге 78 тонна дизель отынын шығу заңдылығын растайтын құжаттарсыз сатып алу-сатумен айналысқаны анықталды.

Сот үкімімен айыпталушы кінәлі деп танылып, оған рақымшылық қолданыла отырып, 2 жыл мерзімге бас бостандығынан шартты түрде айыру жазасы тағайындалды.


Фото: cdn.u.media




Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT