Алматыда 76 жастағы кейуананы көлік қағып мерт қылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан әйелді көлік қағып кетті. 76 жастағы әйел оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қайғылы жағдай бүгін Майлин көшесінің бойында Богдан Хмельницкий көшесіне жетпей орын алды.

Майлин көшесімен оңтүстік бағытта келе жатқан Toyota Prado көлігі жаяу жүргіншіні өткізу үшін жолда тоқтайды.

Алайда оның артында келе жатқан Мерседес жүк көлігі жылдамдығын азайта алмай, Toyota Prado көлігін соғып жібереді. Ал ол өз кезегінде әйелді қағып кетеді. Соққыдан 76 жастағы қарт әйел бірнеше метрге ұшып кеткен.

Toyota Prado жол бойындағы ағашты қиратып бірақ тоқтаған.

Жол апатынан кейуана тіл тартпастан көз жұмды. Оқиға орнында полиция жұмыс жасап жатыр.

null null 

Соңғы жаңалықтар