Алматыда 76 ата-ана ҰБТ-ға қатысты алаяққа алданып қалған

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда мектеп түлектерінің ата-аналарын ондаған миллион теңгеге алдаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

22 жастағы күдікті өзін жоғары сынып оқушыларын Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындайтын білім беру орталығының директоры ретінде хабарландыру таратқан.

«Келісімшарт ережесіне сәйкес, ата-анаға 238 мың теңгені бөліп төлеуге мүмкіндік берілген. Бұл ретте, бала тестілеуден өтпей қалса, «мұғалім» ақшаны қайтаруға уәде берген. Іс жүзінде – оқу орталығының негізін қалаушы бой тасалаған, ал балалар уәде етілген сабақтарын алмады. Ата-аналар полицияға көмек сұрап жүгінді», - делінген полиция мәліметінде.

Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

«Тергеудің қазіргі сатысында қылмыстық іс бойынша 76 жәбірленуші бар. Күдікті ұсталды және қамауда отыр», – деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.


Соңғы жаңалықтар