Алматыда 7563 текше метр қар сыртқа шығарылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы коммуналдық қызметтері біржарым тәулік бойы жауған қарды тазалаумен айналысып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалада 12 қараша түнгі сағат 23:00-дер шамасында жауын жауып, соңы қарға ұласқан. Кешелі бері қалада 10 см қар түскен.

Біржарым тәулік ішінде коммуналдық қызметтер сыртқа 7563 текше метр қар шығарған.

«Қалада қар тазалауға арнайы 860 техника мен 2860 жұмысшы тартылды. Көшелерге 5400 тонна көктайғаққа қарсы құм төгілді», - деп мәлім етті қалалық Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасынан. Аудандық әкімдіктерде және қалалық әкімдікте қарды тазалау жөніндегі жұмыстарды бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.

Қала әкімдігі автомобиль жүргізушілеріне жол шетіндегі көліктерін түнгі уақытқа қалдырмауын ескертеді. 

13-14 қараған түні қаланың магистральды көшелеріндегі қар тазалау жұмыстары жалғасатын болады.

Соңғы жаңалықтар