Алматыда 71 жастағы қария сот процесі кезінде көз жұмды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда ер адам қалалық сот ғимаратында сот отырысы үстінде ер адам қайтыс болды.

71 жастағы Мұхамедин Рузыбаев азаматтық іс бойынша сот үкімі айтылған соң жүрек талмасынан жантәсілім еткен. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз хатшысы Қуандық Ешімет хабарлады.

Қарт кісі өзінің пәтерін бұрынғы келінінен даулаған. Екі бөлмелі пәтерді кезінде ол баласы мен келініне сыйға тартқан екен.

Түрксіб аудандық соты оның келіні Г.Мұхамадиеваның қарсы шағымын қанағаттандырып, пәтерді сыйға тарту туралы келісімді бұзбауға шешім шығарды. Сот бұл жерде келіншектің кәмелетке толмаған баласы барын ескерді. Алматы қалалық сотының апелляциялық алқасы Түрксіб аудандық сотының шешімін өзгеріссіз қалдырды.

Үкімге көңілі толмаған қария сол жерде жүрек талмасынан көз жұмды.

Қуандық Ешіметтің айтуынша, ол кісі жүрек ауруымен бұрыннан ауырады екен. 2011-2012 жылдары жүрегіне ота жасатқан.

Соңғы жаңалықтар