+7 (701) 759 90 19
USD 429.75 EUR 507.45
RUB 5.61 CNY 63.93
Jańalyqtar

Алматыда 700 ана грант алды

2020 жылғы 14 қыркүйек 14:03
Бөлісіңіз:
Алматыда 700 ана грант алды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда биыл «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында 700 ана өз кәсібін бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Асқар Мамин «Жұмыспен қамту» жол картасын жаңартуды тапсырды «Жұмыспен қамту» жол картасына бірқатар талап енгізу ұсынылды - Үкімет отырысы Біржан Нұрымбетов: жұмыс орындарын құрудың өңірлік карталарын жасау керек

Жаңа бағдарлама туралы әлеуметтік желідегі парақшасында қала әкімі Бақытжан Сағынтаев жазды.


«Көпбалалы аналарды қолдау үшін бірқатар бағдарламалар жүзеге асырылуда. Өткен жылы барлық ауданда көпбалалы және аз қамтылған отбасыларына арналған «Бақытты отбасы» әлеуметтік жобасын аштық. Жоба аясында әйелдерді іскерлік белсенділікке тарту мақсатында «Іскер ана» бағдарламасы іске асырылуда. Курста кәсіпкерліктің әліппесі үйретіледі.


Биыл «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан 700-ге жуық ана өз бизнесін ашып, бизнес-идеяларын жүзеге асыру үшін 200 АЕК-ке дейінгі мөлшерде грант алды.

Бүгінде олар тігін мен тоқыма бұйымдарын, ұлттық киім мен әшекейлерді, ыдыс-аяқтар және басқа да тауарларды шығарады. Бұл өнімдерін олар Түрксіб ауданында меценаттардың қолдауымен ашылған «Іскер ана» арнайы дүкенінде сата алады», - деді Бақытжан Сағынтаев.

Бұған дейін «Бақытты отбасы» орталықтарының 30 мыңға жуық адамға қызмет көрсеткенін жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT