Алматыда 70 террорист пен 30 тонаушы ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматыда 70 террорист пен 30 тонаушы ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Хабар 24» телеарнасының хабарлауынша, полиция қызметкерлерінің мәліметіне сәйкес, Алматыда өткізілген арнаулы операция барысында 70 террорист пен 30 тонаушы ұсталды.

Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына үндеуінде Алматы, Ақтөбе қалалары мен Алматы облысындағы жағдай қалпына келтірілгенін атап өткен еді.

«Енгізілген төтенше жағдай режимі өз нәтижесін берді. Бүкіл еліміз бойынша конституциялық заңдылық орнатылды. Бірақ террористер мемлекеттік және жеке азаматтардың дүние-мүлкіне әлі де залалын келтіріп, азаматтарға қарсы қару қолдануда», - деген еді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Соңғы жаңалықтар