Алматыда 70-80 келі заңсыз пиротехникалық өнімдер тәркіленді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының Бостандық ауданында арнайы лицензиясы жоқ пиротехникалық өнімдерді заңсыз сатушыларды анықтау бойынша рейд жүргізілді. Бұл туралы қалалық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

Рейд барысында аудандық ІІБ қызметкерлері мен қалалық ТЖД өкілдері, БАҚ қызметкерлері сауда орындары мен дүкендерді тексерді. Тексеру қорытындысына сәйкес 70-80 келі лицензиясы жоқ пиротехникалық өнім айналымнан алынып тасталды.

«Петардалар - тек жаңажылдық ойыншық қана емес, адамдардың денсаулығына қауіп төндіретін бұйым. Соны біле тұра, халық қайдан шыққаны күмәнді өнімдерді сатып алады. Салдарынан қаншама адам жараланып жатыр. Оны статистика да көрсете алады»,- деді баспасөз қызметінен.

Қазір мұндай рейдтер қаланың барлық аудандарында жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар