Алматыда 7 оқушы 130 балдан жоғары жинады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда алты күнге созылған ҰБТ нәтижесінде 7 оқушы 130-дан жоғары бал жинады. Бұл туралы қалалық Білім беру басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жұманов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматыда 7 оқушы 130 балдан жоғары ұпай жинаған»,- деді Қ.Жұманов.

Оның айтуынша, қазір тест тапсырғандар арасында тыйым салынған затты алып өткендерді тексеріп жатыр.

25 тамызға дейін аудиториялардың видеожазбасы тексеріледі. Егер түлектердің ереже бұзғаны анықталса, ҰБТ нәтижесі мен гранты теріске шығарылады.

«Кез келген электронды бұйымдар:байланыс құралдары, баспа материалдарын алып кіруге тыйым салынған. Егер түлектер осындай затты қолданғаны анықталса акт толтырылып, ол биыл тестілеуге кірмейді. 6 күнде Алматыда 101 түлек академиялық ережелерді бұзған», - деді ол.

Алматыда 21-26 маусым аралығында санитарлық талаптардың бұзылуы тіркелмеді.


Соңғы жаңалықтар