Алматыда 7 мың теңге пара алған ХҚКО қызметкерлері тергеліп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Кезекті жылдамдатып бергені үшін пара алды деген күдікпен ұсталған Алматыдағы мамандандырылған ХҚКО қызметкеріне қатысты тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Полиция департаментіне сілтеме жасап.

«Бұл күдікті азамат бұрыннан біздің бақылауымызда болған. Кезекті тездету үшін ол жеті мың теңге алып жатқан кезінде оны  полицейлер ұстады. Біз осы ұйымның бірқатар қызметкерлерінің пара алатындығы туралы жедел мәлімет алдық. Олар азаматтарға кезексіз қызмет алу мүмкіндігін ұсынған», - деді Алматы Полиция департаменті  ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының басшысы Берік Әбілбеков.

Полиция мәліметі бойынша, «көмекшілердің» 5 мың мен 15 мың теңге арасында ақы алады екен.

Ақшасының бір бөлігін автоорталықтың қызметкерлерімен қызмет көрсету процесін жылдамдату үшін бөліседі.

«Біздің бөлімше қызметкерлерінің дәлелді базасы ұзақ уақыт бойы мәлімет жинаған. Ол ҚР ҚК 247-бабы (заңсыз сыйақы алу) бойынша Алатау аудандық полиция басқармасында тергеліп жатыр», - деп толықтырды Б. Әбілбеков.

Ұсталған азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Материалдар үш күн ішінде аудандық сотқа жіберілетін болады.

«Әкімшілік полиция басқармасы Тіркеу-емтихан жұмыстары бөлімінің қызметкерлері халықпен байланыспайды. Олардың құзырына келіп түскен материалдарды алыстан қарау, оларды қылмыстық есепке алу бойынша тексеру кіреді және осының барлығы тек қана ақпараттық жүйеде», - деді Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Полиция сыбайлас жемқорлықты  болдырмау мақсатында арнайы ХҚКО - дағы полиция қызметкерлерінің кабинеттері ашық әйнектен жасаған.

Еске сала кетсек, біз бұған дейін Алматыдағы мамандандырылған ХҚКО-ның фронт-офисінің екі инспекторы заңсыз ақша алғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар