+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Алматыда 7 млн теңгенің тауары жарамсыз болып қалды

2018 жылғы 18 қаңтар 14:18
Бөлісіңіз:
Алматыда 7 млн теңгенің тауары жарамсыз болып қалды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда санэпидемиологтар өткен жылы құны 7 млн теңге болатын жарамсыз тауарды айналымнан алып тастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Былтыр барлығы 5 млн теңгеге сынама сатып алынды. Сараптама нәтижесі бойынша азық-түлік тағамдарының 10,4%-ы, балаларға арналған тауарлардың 20%-ы, жеңіл өнеркәсіп тауарларының 40%-ы пайдалануға жарамсыз болып шықты. 63 кәсіпкерлік субьектіге қатысты әкімшілік іс қозғалды. 7 млн 265 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. 19 шағын бизнес субьектісінің жұмысы тоқтатылды. Айналымнан құны 6705 013 теңге болатын 4423,11 кг тауар алынып тасталды», - деді департаменттің баспасөз қызметі.

Нақтылағанда, 2613 азық-түлік сынамасы алынса, оның 264-і нормативтік-техникалық құжаттамаға сәйкес болмаған.

«Оның ішінде 12,9%-ы отандық өндірушілердікі, 5,7%-ы ЕАЭО елдерінің өнімі. 72% тауар маркерлеу стандарттарына сай емес, 31% - микробиологиялық көрсеткіштер бойынша қауіпті болып шықты. Көбіне ет өнімдері (29,7%), аспаздық (29,2%), балық өнімі (28,4%), құс еті өнімдері (23,0%) пайдалануға жарамсыз деп табылды. Сүт пен сүт өнімдерінен 211 сынама алынды. 8 сынама таза болмай шықты», - деді департаменттен.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT