Алматыда 7 базардың меншігіндегі жер мемлекетке қайтарылып жатыр - А.Есімов

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Ахметжан Есімов қала тұрғындары алдында есеп беріп, 2014 жылғы қаланың әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын қорытындылады. Кездесу барысында әкім базарларды жаңғырту мәселесін тілге тиек етті.

«Біздің қаламыздың көркі ескі базарлар емес, сәулетті сауда орындары болуы керек. Қалалық инфрақұрылымды дамыту 21 базар бойынша жүргізіліп жатыр. 7 базардың жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылуда. Бұл жұмыс оңай болған жоқ. Үлкен ақша жүрген жерде, дау-жанжал болады. Қаламызда тағы да 9 сауда орнының құрылысы жалғасып жатыр», - деді А.Есімов. Оның айтуынша, басты мақсат санитарлық тазалықты сақтап,қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Соңғы жаңалықтар