Алматыда 7 әуе рейсі тоқтатылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда ауа райының қолайсыздығына байланысты 7 әуе рейсі тоқтатылды. Бұл туралы Алматы халықаралық әуежайының онлайн-таблосында көрсетілген.

Атап айтқанда, Шымкент (13:30) пен Астана (14:03, 18:45) қалаларына ұшатын рейстер шегерілді. Сондай-ақ, Көкшетау (13:05) мен Шымкент (16:30) Астана (23:10, 02:30) қалаларынан келуі тиіс рейстер шықпайтын болды.

Өскемен, Ақтау қалаларынан жетуі тиіс рейстер де бөгеліп жатыр.

Қазір Алматыда ауа температурасы 7 градус суықты көрсетіп тұр. Түннен бері жауған қар әлі толастаған жоқ.

Соңғы жаңалықтар