Алматыда 7 700 қызмет көрсету нысаны қайта жанданды
2022 жылғы 24 қаңтар 11:19

Алматыда 7 700 қызмет көрсету нысаны қайта жанданды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 7 700 қызмет көрсету нысаны қайта жанданды. Бұл туралы Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Алматы қаласының тыныс-тіршілігін қалпына келтіру жөніндегі қалалық штаб отырысында әкім орынбасары Мақсат Қиқымов мәлім етті, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

Мақсат Қиқымовтың айтуынша, 120 ірі кәсіпорын мен қаланың 51 базары жұмысын бастады.149 азық-түлік сауда желілерінің, гипермаркеттер мен супермаркеттердің 146-сы өз қызметін қалпына келтірген, қалған 3-уі 28 қаңтарға дейін ашылады.

«Алматының азық-түлік емес сауда нысандарына келетін болсақ, бүгінде 110-ның 99-ы өз қызметін жандандырды, қалған 11-і ақпан айының соңына дейін жұмысын бастайды. Бүгінде қаланың 93 сауда-ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлерінің 87-сі жұмыс істейді, қалған 6 нысан қалпына келтіру қызметін жүргізеді», - деді Алматы әкімінің орынбасары.

Сонымен қатар, ол бүгінде Алматыда 220 жанар-жағармай құю бекеттерінің 190-ны жұмыс істеп жатқанын жеткізді.

«23 желілік жанар-жағармай құю бекеттері зақымдануды қалпына келтіріп, ақпан айының соңына дейін іске қосылады, өртенген 2 станция мамыр айының ортасына дейін, ал 5 желілік емес жанар-жағармай құю бекеттері 30 қаңтарға дейін өз қызметін қалпына келтіруді жоспарлап отыр»,- деді ол.

Қаладағы қоғамдық тамақтану орындарының басым бөлігі жұмыс істеп тұр. Наурыз айының ортасына дейін 15 нысан, 1 мамырға дейін тағы 2 нысан іске қосылады.


Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT