Алматыда 650 ескі үй қайта қалпына келтіріледі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 650 ескі үй қайта қалпына келтіріледі. Бұл туралы Алматы қаласы мәслихатының депутаты Максим Финогенов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Максим Финогенов ескі үйлерді күрделі жөндеу мен қайта құрылымдау бойынша және мемлекеттік бағдарламаның орындалуын бақылау аясында Әуезов ауданының тұрғын үйлерін тексерді. Жалпы алғанда, 650-ден астам ескі үйлерді жөндеу жоспарда.

Жұмыс сапары барысында 2-ші шағынаудандағы 2 үй қаралды. Депутаттың айтуынша, тексеру нәтижелері әлі де қанағаттанарлық емес, орындалатын құрылыс жұмыстарының сапасы бойынша ескертулер бар, техникалық қадағалау жоқ.

Ескі үйлерді қайта құру бойынша жүргізіліп жатқан барлық жұмыстар мәслихат депутатының ерекше бақылауына алынды.


Соңғы жаңалықтар