Алматыда 647 түлек «Алтын белгіге» үміткер

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Биыл Алматыда 647 түлек «Алтын белгі» алуы мүмкін. Бұл туралы онлайн брифинг барысында қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жұманов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Алтын белгіге» үміткерлер қорытынды аттестаттауда 4 емтихан тапсыруы керек. Нәтижесі бойынша «Алтын белгі» иегерлері анықталады, - деді Алматы қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жұманов.

Сонымен қатар, ол соңғы қоңырау қалай өтетінін айтты.

«Биыл Алматы қалалық білім басқармасы соңғы қоңырауды онлайн режимінде ұйымдастыруға кеңес береді. Егер ата-аналар қаласа және мектептер дайын болса, барлық карантиндік шараларды сақтап бір сынып, бір сызық қағидаты бойынша өткізуге болады», - деді ол.

Еске салайық, Алматыда ҰБТ тапсыру 6 мамыр күні басталды.

Биыл Алматыда мектепті 11 мыңнан астам түлек бітіреді.


Соңғы жаңалықтар