Алматыда 62 отбасы ескі баспанадан бес қабатты тұрғын үйге көшіріледі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда әкімнің тапсырмасымен 62 отбасы ескі үйден Түрксіб ауданындағы бес қабатты жаңа үйлерге көшіріледі. Бұл туралы онлайн брифинг барысында Алматы қаласы Түрксіб ауданының әкімі Бақытжан Ақжаров мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жақында Алматы қаласының әкімі «ескі» кварталдарды кешенді қайта жаңартуды – ескі үйлерді бұзып, тұрғындарды жаңа үйлерге көшіруді тапсырған болатын. Реновация бағдарламасы мыңдаған қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға және құрылыс саласына инвестициялар тартуға бағытталған.

Алматы қаласының ескі тұрғын үй қорының жартысы Түрксіб ауданында орналасқан. Мұнда бұзылатын 609 ескі үй бар.

«Ескі тұрғын үй мәселесін шешу үшін биыл Т.Молдағалиев көшесі мен Сауранбаев көшесінің қиылысында 3 бес қабатты тұрғын үй пайдалануға беріледі. Одан әрі 3 үйді бұзып, 7 бес қабатты үй салынады. Сонымен қатар Осипенко көшесінде 2 бес қабатты үй салынып жатыр», - деді ол.

Сонымен қатар, Котельников-Кассин көшелерінің ауданында-С.Сейфуллин даңғылы, «Qazaq Stroy» ЖШС 2 бес қабатты үйдің құрылысын жүргізіп жатыр. Бұл үйлерге 100 ескі үй иесі көшіріледі.



Соңғы жаңалықтар