+7 (701) 759 90 19
USD 411.54 EUR 458.13
RUB 5.84 CNY 57.64
Jańalyqtar

Алматыда 600 мыңға жуық адамның жәрдемақысы мен зейнетақысы өсті

2020 жылғы 8 сәуір 15:45
Бөлісіңіз:
Алматыда 600 мыңға жуық адамның жәрдемақысы мен зейнетақысы өсті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда 589 177 адамның жәрдемақысы 1 сәуірден бастап 5 %-ға өсті. Бұл туралы Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті Алматы департаментінің басшысы Айдынжан Нарматов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақыны жылдық мәндегі 10 пайызға индексациялау туралы тапсырмасын орындау және ҚР 2020-2022 жылдарға арналған «ҚР Республикалық бюджет туралы заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы шеңберінде 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап айлық есептік көрсеткіш – 2 778 тг болды. Сәйкесінше, ең төменгі зейнетақы 40441 теңге, базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері - 17 641 теңге, ең төменгі күнкөріс мөлшері - 32 668 теңге, ең төменгі жалақы мөлшері 42500 теңге болды. Алматы бойынша 589 177 адамның жәрдемақысы мен зейнетақысы жылдық мәнінде 10 пайызға өсетін болды. Оның 230 мыңы жасына қарай зейнетақы алатын адамдар. Қалғаны мүгедек бала бағып отырғандар, асыраушысынан айрылған адамдар, көпбалалы отбасылар, мүгедектер. Осы азаматтардың барлығы жылдық мәндегі 10 %-ға қосымша үстемеақы алатын болды. Бізде олардың тізімдері бар», - деді Айдынжан Нарматов онлайн брифинг барысында.

Оның айтуынша, үстемеақыға қол жеткізу үшін еш жаққа барудың керегі жоқ. Тиісті тұлғаларға автоматты түрде көтерілетін болады.

«Көтерілген зейнетақы мен жәрдемақыны тұрғындар мамыр айында алатын болады»,- деді А.Нарматов.

Оның айтуынша, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы мен жәрдемақы 5 %-ға өскен болатын. Енді 1 сәуірден бастап тағы 5 %-ға көтеріліп жатыр. Сонда зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері жылдық мәнінде 10 %-ға өсіп отыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT