Алматыда 60-тан астам арт-нысан салынады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 60-тан аса арт-нысан салу көзделіп отыр. Бұл туралы Интерфакс-Қазақстан алаңында өткен баспасөз мәслихатында айтылды, деп хабарлайды Қаз Ақпарат тілшісі. 

Алматыда алғаш рет PARK FEST Халықаралық мүсін мен сәулет өнері фестивалі басталды. Шара қала күні аясында мегаполис әкімдігінің қолдауымен өтіп жатыр. 

«Халықаралық фестиваль қаламызда алғаш рет өтуде. Мұнда байқаудың іріктеу турынан өткен суретшілер жұмыстары таныстырылады. Барлығы 500 өтініш түсті. Олардың ішінен қазылар шешімімен 3 санат бойынша туындылар таңдап алынды»,- дейді «Алматы Мәдениет және мұрағаттар басқармасы» КМБ әкімшілік бөлімінің бастығы Айнұр Уалиева.

Қазылар алқасы құрамында Нью-Йорктегі паблик арт департаментінің директоры Кендал Генри, Вена заманауи өнер жәрмеңкесінің директоры Кристина Штейнбрейхер, Красноярск музей биенналлесінің тұрақты кураторы Сергей Ковалевский және ғалым Евфрат Имамбек бар. 

Қыркүйектің соңына дейін 60-тан аса арт-нысан салынады. Түрлі стильдегі объектілердің қай жерге қойылатыны нақтыланып жатыр.  

«Алматыдан аспан астындағы музей ашамыз. Тамызда өткен халықаралық симпозиумда өнердің қала кеңістігіндегі рөлі туралы айтылған болатын. Сондай-ақ, 9 қыркүйекте «Сәлем, көршілер» атты мәдени пикник өткіземіз. Ол Тимирязев -Шашкин қиылысындағы саябақта белсенді тынығу ретінде ұйымдастырылады. Қала тұрғындарын бірнеше аймаққа бөлінген шағын ортада мәдени интеллектуалды ойын-сауық өткізуге шақырамыз. Мұнда шеберлік сабақтары ұйымдастырылады. Беларусь, Тәжікстан, Қырғызстан суретшілері адамдардың көз алдында мүсін жасап, ол дүниелер осы саябақта қалады»,-деді PARK FEST фестивалінің ұйымдастырушысы Ольга Сұлтанова.

Жоспарланған арт-нысандардың бірі - «қызыл адамдар» Абай метро станциясының жанында тұр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, алдағы уақытта пайда болатын объектілер қала өмірімен тікелей байланысты болмақ. 
null 

Айта кету керек, пикник сенбі күні сағат 11.00-де басталы, 19.00-ге дейін жалғасады. Келем деушілерді жанға жайлы музыка мен фудкорт, сондай-ақ бейнелеу өнерінің шеберлік сабақтары күтіп тұр.

Соңғы жаңалықтар