Алматыда 6 зертханада коронавирустан тест тапсыруға болады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда коронавирус инфекциясын анықтайтын зертханалар саны екі есеге көбеймек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдақасымованың айтуынша, жақында Алматыда тағы 3 зертхана коронавирус инфекцияларын анықтауға көшеді.

«Зертханалар санына келсек, бізде егер бұған дейін 3 зертхана жұмыс істеп тұрса, тағы 3 зертхана қосылады. Олардың бірі Корея мен Қазақстанның бірігіп ашқан жекеменшік зертханасы. Бұл ұйымның арнайы рұқсат құжаттары бар. Сондай-ақ, «Олимп» клиникалық диагностикалық зертханасының да арнайы рұқсаты бар. Сосын СПИД орталықтың лабораториясы қосылатын болды», - деді онлайн брифинг барысында департамент басшысы Айзат Молдақасымова.

Оның айтуынша, «Олимп» КДЗ бірнеше күннен соң жұмысқа кіріседі. Ал Корея-қазақстандық компания жұмыс істеп жатыр. ЖИТС орталық жұмыс материалдарын жеткізу бойынша келісім шарт жүргізіп жатыр.



Соңғы жаңалықтар