Алматыда 6 мыңнан астам ағаш отырғызылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Жалпықалалық «Jasyl Meken» акциясы барысында демалыс күндері Алматының барлық сегіз ауданында 6 мыңнан астам ағаш отырғызылмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл акцияны «Жасыл экономика» басқармасы ұйымдастырады.

Көктемнің соңына дейін қала басшылығы 12 мыңнан астам ағаш отырғызуды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, демалыс күндері қаланың барлық аудандарында көшелер, аула аймақтары, көпшілік орындар, өзен арналары мен жағалаулары тазаланады.

Бұған дейін «Jasyl meken» акциясы барысында Әл-Фараби даңғылының бойындағы бөлу жолақтарына 800 жапырақты және қылқан жапырақты ағаш отырғызылған еді.
null

1975 жылдың сәуірінен бастап мұнда 30-ға жуық ағаш түрлері отырғызылған болатын, солардың тек үшеуі - талшын, қарағай және шырша тамыр жайды. Сондықтан осы ағаш түрлерін ғана отырғызу жөнінде шешім қабылданды.

Алматы қаласының «Жасыл экономика» басқармасы барлық алматылықтарды жалпықалалық «Jasyl Meken» акциясына қатысуға және өз аулаларында ағаш отырғызуға шақырады.

Соңғы жаңалықтар