Алматыда 6 мыңнан аса кәсіпкер шот фактура жазу мүмкіндігінен қағылады

None
None
АЛМАТЫ. Қазақпарат - Алматы қалалық Мемлекеттік кірістер департаменті салық кодексіндегі өзгерістерге байланысты шот фактура жазу мүмкіндігінен қағылуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Салық заңнамасына енгізілген өзгертуге байланысты, 2019 жылдың 1 қаңтарынан барлық қосылған құн салығын төлейтін кәсіпкерлердің барлығы шот фактураларды электронды түрде тапсыруы керек болатын.

Департаменттің таратқан мəліметтеріне сəйкес, Алматыда 25 мың ҚҚС төлеушінің 19 мыңы ғана «Электронды шот фактура» жүйесінде тіркелген.

«6 мың кәсіпкер жүйеге тіркелуге асығыстық танытпай отыр. Жыл соңына дейін 45 жұмыс күні қалды. Тіркелу барынша жеңілдетілген. Салық төлеушілер салық органдарына келмей-ақ онлайн түрде тіркеле алады. Егер бұл рәсім жасалмаса, онда олар шот фактура жазу мүмкіндігінен айырылады», -  деді қалалық МКД баспасөз қызметінен.

Еске сала кетсек, Алматы қаласының Медеу ауданындағы Мемлекеттік кірістер басқармасы аудандағы «желілік» бизнеске салықтық тіркеуге тұруға 10 күн мерзім берген болатын. 
«Он күн ішінде құқықбұзушылықтарды өздігімен шешпеген жағдайда желілік компания өкілдеріне қатысты салықтық тексерулер жүргізіледі», - деп ескертті салық органы.

Соңғы жаңалықтар