Алматыда 6 қабатты үйдегі өрт сөндірілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 6 қабатты үйден шыққан өрт сағат 17:44 ауыздықталып, 18:06-да сөндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тілсіз жау 1180 шаршы метр аумақты шарпып, бірнеше пәтерді, балкондарды, үйдің шатырындағы мансард қабатын түгел жарамсыз етті.

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, өртті сөндіруге 82 адам мен 25 техника жұмылдырылған. Оқиға орнында арнайы штаб құрылды.

300 адам, оның ішінде 52 бала  қауіпсіз жерге шығарылды.

Еске салсақ, өрт туралы хабарлама сағат 16:03-те түскен болатын.

 

Соңғы жаңалықтар