+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Алматыда 6 адам табиғи газдан уланды

2019 жылғы 13 қараша 12:09
Бөлісіңіз:
Алматыда 6 адам табиғи газдан уланды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда иіс тиіп уланған 6 адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Маңғыстауда дезинфекция кезінде 2 адамның өліміне себепші болған маман сотталды Қазақстандықтар алкоголь, газ және дәрі-дәрмектен жиі уланады - дәрігер Көкшетауда бір мектептің 80 оқушысы ауырып қалды: Білім басқармасы ақпарат берді

Қалалық ТЖД басшысының орынбасары Арман Байгеловтың айтуынша, қаланы газдандыру бағдарламасы аясында көмірмен жылитын үйлердің саны 2,2 есе азайған. Яғни, 2018-2019 жылыту маусымында - 16 626 үй, 2019-2020 жылыту маусымында барлығы 7264 үй пешпен жылытылады.

Көгілдір отын тұтынушыларының саны көбеюіне байланысты табиғи газдан улану деректері де көбейе бастаған. Биылдың өзінде 36 адам уланған. Былтыр 44 адамға медициналық көмек көрсетілген болатын.

Қайғылы оқиғалар көбінесе газ құралының герметикалық қорғанысы бұзылғаннан газдың ауаға тарауынан болған.

«9 қарашада Наурызбай ауданының Қарағайлы елді мекенінде газ қазандығының ақауынан 4 адам газдан уланған. Бұл үйде газ құбырында тартылыс жүйесі жұмыс істемеген. Олар токсикология бөлімшесіне жеткізілді. Оның ішінде 1 бала бар. Медициналық көмек көрсетілген соң барлығы үйіне қайтарылды. Көбінесе үй иелері өздері үйдің жертөлесінде көмірмен жанатын пешін газ пешіне ауыстырып алады. Бұлай істеуге болмайды», - деді Арман Байгелов.

11 қарашада Түрксіб ауданында Шұғыл медициналық көмек көрсету ауруханасының токсикология бөлімшесіне 2 адам газдан уланып түсті. Олардың үйіндегі пеште де тартылыс болмаған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT