Алматыда 6,8 мың адам корнавирус вакцинасын салдырды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда бір тәулікте 6 856 адам коронавирус вакцинасын салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«30 сәуір күні 6 856 алматылық вакцина салдырды, оның ішінде 2 330 адам QazVac вакцинасын алды», - деп хабарлады қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 30 сәуірі аралығында қалада барлығы 216 053 адамға екпе салынды. «Спутник-V» вакцинасының 2 компонентін 52 560 адам алды.

Бүгінгі күні қалада 211 пункт жұмыс істеп тұр. 1 201 адамнан тұратын 303 егу бригадасы бар. Сонымен қатар, 40 көшпелі мобильді бригада ұйымдастырылды.


Соңғы жаңалықтар