USD 434.24 EUR 492.69
RUB 5.67 CNY 68.46
Jańalyqtar

Алматыда 5G желісі пилоттық режимде іске қосылып жатыр

2021 жылғы 2 желтоқсан 17:24
Бөлісіңіз:
Алматыда 5G желісі пилоттық режимде іске қосылып жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда 3 оператор пилоттық режимде 5G желісін қосты. Бұл туралы қалалық цифрландыру басқармасының басшысы Баян Қоңырбаев брифинг барысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы әкімінің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларының тізімі жарияланды «Баға бір теңгеге жоғарыласа, дүкенді жабады» – ақпарат фейк Интернет кеңістігін мониторингілеу күшейтіледі

Спикердің сөзінше, 5G желісін елімізде қызмет көрсететін 3 оператор адамдар көп жиналатын жерге орнатты.

«Қазір Көктөбе, Шымбұлақ, Медеу, Каусар-Плаза және Смарт-Пойнт нүктесінде пилоттық режимде 5G желі іске қосылды. Технологияның өте жылдам дамуына байланысты біз осы 5G желісіне басымдық беріп отырмыз. Өйткені ол аз уақыттың ішінде анағұрлым көп мағлұматты бере алады. Сонымен қатар, бұл желі кешкі уақытта телефоннан сериал көруге, жақындарымызбен видео арқылы сөйлесуге мүмкіндік береді»,- деді Баян Қоңырбаев.

Сонымен қатар, ол 5G желісін қосуда қалаға ешқандай шығын келмейтінін атап өтті. Оны операторлар өздері орнатып жатыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT