Алматыда 5G желісі қашан енгізіледі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқов қалада 5G желісін енгізу туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сапарбек Тұяқов бүгін Almaty Invest Forum аясында «Қазақтелеком» АҚ-мен меморандумға қол қойылғанын айтты.

«Біз оптоталшықтардың қай жерде жетпей тұрғанын білеміз. Мамандар қалада желілер қай жерде жетіспейтіндігі, қай жерде сұраныс көптігін талдаудан өткізді. Осыны ескере отырып, біз қалада ең тұтынушыларға қажеттілігі жоғары жерлерді анықтадық. Бүгінгі келісімшарт аясында коммуникациялық жобаларды кешенді жүзеге асыратын боламыз. Бұған тек 5G кірмейді, мұнда оптоталшықтар да бар. Біздің есеп бойынша бұл жобалардың құны 200 млрд теңгеге дейін барады. Бұл – қыруар қаражат. Бұл жобалар қаланың коммуникациялық инфрақұрылымын арттыратын болады», - деді Сапарбек Тұяқов.

Қала әкімінің орынбасары 5 жылдағы жоспармен бөлісті.

«Сұраныс бар жерлерге, оптоталшықтар бар жерлерге 5G желісін қосамыз. Бұл үшін тұтас қаланы қамтудың қажеттілігі жоқ. Қалада креативті индустрия паркі ашылатынын айтқан болатынбыз. Ол жерге мәселен, мықты инфрақұрылым, супер компьютерлер, мықты байланыс, ғаламтор керек», - деді әкімнің орынбасары.

Айта кету керек, Қазақстанда бірінші болып 5G коммерциялық желісі Нұр-Сұлтанда биыл іске қосылды.

Соңғы жаңалықтар