Алматыда 57 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда жыл басынан бері мемлекеттік бағдарлама аясында 57 мыңнан астам жұмыс орны ашылды, оның 40 мыңнан астамы тұрақты, ал қалғандары уақытша. Бұл туралы баспасөз мәслихаты барысында қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Назира Тоғызбаева мәлім етті, хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Спикер қала тұрғындары мен қонақтары жұмыс табу үшін жұмыспен қамту орталығына жүгіне алатынын атап өтті.

«Сондай-ақ біз тоқсан сайын бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткіземіз. Биыл 8 жәрмеңке ұйымдастырлды, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін бөлек өткізілді. Толығырақ айтар болсақ, тұрақты жұмыс орындары негізінен құрылыс, білім беру, көтерме және бөлшек сауда салаларында болса, уақытша жұмыс орындары – қоғамдық және әлеуметтік жұмыс орындары, жастар тәжірибесі. Яғни, бізде сан алуан бағыт бар. Жұмыссыздарға барынша көмек көрсетуге дайынбыз. Барлық сұрақтар бойынша жұмыспен қамту орталығына хабарласуға болады», - деді Нәзира Тоғызбаева.

Айтуынша, жыл басынан бері мегаполисте 57 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты. Оның 40 мыңнан астамы тұрақты жұмыс тапса, қалғандары уақытша.

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова қалада жұмыспен қамту және орналастыру 94 пайыз екенін атап өтті.

«Десек те қалада жастар арасында әлі де жұмыссыздық бар. Бұл мәселе ерекше бақылауда»,- деді ол.


Соңғы жаңалықтар