Алматыда 56 ескі үйдің тұрғындары жаңа баспанаға көшіп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда пайдалану мерзімі аяқталған ескі үйлердің тұрғындарын жаңа үйге көшіру бағдарламасы жалғасып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінде Алматыда «Капиталды құрылыс компаниясы» ЖШС  56 ескі үйді сүріп, 576 отбасын жаңа баспанаға көшірді.

Болашақта аталған компания 948 үйді сүріп, 8912 пәтерді пайдалануға бермек.

Алматы әкімі аталған бағытта жұмысты жандандыру үшін  жеке инвесторлардың қаржысын тартпақ.

Қазіргі таңда Әуезов ауданы Сүлейменов көшесіндегі №18, 20, 22 үйлерді кезең-кезеңімен көшіру басталды.

Қазір аталған үйдің 3 отбасы жаңа баспанаға көшіп үлгерді.

Қалған тұрғындар баспананың заңды иесі екендігін дәлелдейтін құжаттарын толықтырған соң кезең-кезеңімен көшетін болады.

«Кейбір тұрғындар ұсынылған шарттармен келіспей, үлкен үй талап етеді. Ал бұл компанияның шығындарын арттырады», - деді «Алматы» әлеуметтік кәсіпкерлік кооперативінің өкілі, «Капиталды құрылыс компаниясы» ЖШС басшысы Мұхит Әзірбаев.

Соңғы жаңалықтар