Алматыда 500-ден астам заңсыз жұмыс істеген сауда орындары анықталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – 2023 жылдың екінші тоқсанында Алматыда заңсыз салынған сауда нысандарын демонтаждау басталады.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында қалалық Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Берік Солтанбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Спикердің сөзінше, 2022 жылы жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша мегаполисте 500-ден астам заңсыз орнатылған стационарлық емес сауда нысандары анықталды. Заңсыз орнатылған павильондар мен дүңгіршектер электр желісіне қосылған, кейбірінде жылу да бар.

«Біз қазірдің өзінде заңсыз стационарлық емес сауда нысандарының меншік иелерімен өз еркімен демонтаждау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Сондықтан, алдағы уақытта стационарлық емес сауда нысандарын өздігінен салуды болдырмау үшін Алматының қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы стационарлық емес сауда нысандарын орналастыру схемаларын әзірлеуде. Осылайша, енді стационарлық емес сауда нысандарын қатаң түрде осы схемаға сәйкес орнатуға рұқсат етіледі», - деді Берік Солтанбаев.

Айтуынша, орналастыру схемалары бекітілгеннен кейін 2023 жылдың екінші тоқсанында жергілікті атқарушы органдар заңсыз стационарлы емес сауда нысандарын демонтаждау жұмыстарын бастайды. Мұндай «нүктелер» инженерлік желілерден ажыратылады.

«Ережеге бағынбайтын саудагерлерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 204 және 505-баптары бойынша айыппұл түріндегі әкімшілік шаралар қолданылатын болады»,- деп атап өтті спикер.


Соңғы жаңалықтар