Алматыда 500-ден астам көпбалалы отбасыға баспана беріледі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Биыл Алматыда 500-ден астам көпбалалы отбасыға баспана беру жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

« 2020 жылы Алматыда мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары аясында 500-ден астам көпбалалы отбасыға баспана беру жоспарланып отыр», -деді баспасөз мәслихаты барысында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев.

Бұған дейін ол алматылық 661 көпбалалы отбасының баспанамен қамтамасыз етілгенін айтқан болатын. Оның ішінде 10 пәтер демеушілік қаражат есебінен алынды.

Сондай– ақ, өткен жылы «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында көпбалалы отбасылар үшін 284 пәтер сатып алынды.


Соңғы жаңалықтар