Алматыда 50 сарбаз қарулы күштер қатарына қабылданды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне орай 50 жас сарбаз қарулы күштер қатарына қабылданды,  деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Салтанатты шара ҚР Қарулы Күштерінің құрылғанына 26 жыл толуына орай ұйымдастырылды.

Сарбаз күнінде жергілікті атқарушы органдар жылда патриоттық шаралар өткізіп, әскери бөлімдерге экскурсия жүргізеді.

Сонымен қатар, жас сарбаздар ардагерлермен кездесіп, әскери техника көрмесіне қатысады.

Бүгінгі салтанатты шара ҚР көк байрағының көтерілуімен басталды.

Б.Момышұлы атындағы Республикалық әскери мектебінің курсанттары Алматы гарнизоны оркестрінің музыкалық сүйемелдеуімен көк туды көтеріп шықты. 

"Сіздер ата-аналарыңыз, еліңіз мақтанатындай қызмет етулеріңіз керек. Отан алдындағы борышыңызды адал атқарыңыздар. Ел тыныштығы мен бейбітшілігін абыроймен қорғаңыздар",- деді Алматы қалалық Қорғаныс істері бойынша департаментінің басшысының орынбасары Фархад Кұрманғажинов.

Әскери қызметшілер ережесіз жекпе жек бойынша машықтары мен ұрыс техникасын көрсетті.

Жиналғандар Н.Назарбаевтың қатысуымен өткен жауынгерлік парадты онлайн режімде көрді.

Соңғы жаңалықтар