Алматыда 50 мың тұрғын емханаға тіркелген

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда екі айда 50 мың тұрғын қаралатын емханасына таңдау жасаған. Бұл туралы брифинг барысында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының өкілдері айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан бойынша емханаларға тіркелу науқаны аяқталды. Алматылықтардың 50 мыңы ғана осы мүмкіндікті пайдаланып үлгерді.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Алматыдағы бөлімшесінің директоры Тілеухан Әбілдаев тұрғындардың көпшілігі Еgov  порталы арқылы тіркелгенін айтты.

«Осы 55 мың адамның 5 мыңы - оралмандар мен шетелдік азаматтар. Оның ішінде 11 мың алматылық электронды үкімет арқылы тіркелген. Биыл науқанға 43 жекеменшік емхана тіркеліп отыр. Былтыр олардың саны 31 болатын», - деді Т.Әбілдаев.

Ал Қазақстан бойынша барлығы 30 мыңға жуық адам емханаға тіркелді.

Түркістан, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Алматы облыстары тұрғындары аса белсенділік танытқан. 300 мыңның 13,5 мыңы емханаға бармай-ақ,  электронды түрде тіркелген. 

Соңғы жаңалықтар