Алматыда 50-ден астам үй суық сусыз отыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда бүгін 50-ден астам үй суық сусыз отыр. Бұл туралы «Бастау» МКК баспасөз қызметі хабарлады.

Атап айтқанда, Ақсай 3а шағынауданында 20 үй, Орбита шағынауданында 2 үй, Әл-Фараби, Науаи көшелерінде орналасқан 20 үй, Сәтбаев, Розыбакиев, Әуезов, Клочков көшелеріндегі ондаған тұрғын үй суық судан ажыратылды.

«Алматы су» МКК қызметкерлерінің айтуынша, уақытша қиындықтар апатты қалпына келтіру жұмыстарына байланысты туындап отыр.

Олар суық су бүгін түскі 14:00-ге дейін, болмаса 19:00-ге дейін қосылады деп уәде беруде.

Соңғы жаңалықтар