Алматыда 50 адамның ақшасын жымқырған «L-Капитал» компаниясының жетекшісі ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полицейлері «L-Капитал» компаниясының негізін қалаушыны ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қаласының ПД тергеу басқармасының мәліметінше, жедел-іздестіру шарасы барысында 1962 жылы туған азаматша ұсталды.

Ол ҚРҚК 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған компанияның салымшыларының түсірген ұжымдық арызына сәйкес, ҚР ҚК 217-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын бұрын хабарлаған болатынбыз.

Ведомствоаралық тергеу-жедел тобы құрылды.

Компания кеңселерінде санкцияланған тінту жүргізілді.

Толықтық, объективтілік және жан-жақтылық принциптерін қатаң сақтай отырып жүргізілген тергеу кешені барысында мән-жай анықталып, процессуалдық шешім қабылданады.

«Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша 50 адам жәбірленуші ретінде танылған»,– деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдірахманов.

Еске сала кетейік, мұның алдында Алматы полицейлері «L-Капитал» компаниясынан зардап шеккен салымшыларға жүгінген болатын.


Соңғы жаңалықтар