Алматыда 50 000 АҚШ долларын алып шекара аспақ болған Қытай азаматшасы ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 50 000 АҚШ долларын шекара арқылы заңсыз алып өтпек болған ҚХР азаматшасы ұсталды. Бұл туралы ҚР ҰҚК шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Алматы» кедендік бақылау органы қызметкерлері Алматы - Үрімжі бағытындағы СZ 6012 рейсінен заңсыз ақша тасымалдау контрафактісінің жолын кесті. 1978 жыл туылған ҚХР азаматы Қазақстаннан 50 000 мың АҚШ доллары көлемінде қаржы алып өтпек болған. Ол бұл қаржыны кедендік декларацияда көрсетпеген», - делінген хабарламада. Қазір аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар