Алматыда 5 жасар қызды ұрлап кеткендер ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 5 жасар Кристина Брагинаны ұрлап кеткендер ұсталды. Бүлдіршінді қылмыскерлердің қолынан полицей құтқарды. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы облысы Қарасай ауданының тұрғыны қызының жоғалып кеткендігі туралы аудандық полицияға хабар берген.

«Баланың анасы менің досымның жақын танысы болып шықты. Телефон арқылы оны тыныштандыруға тырыстым. Бірнеше сағаттан соң анасы бөтен ер адамдардың телефон шалып, адам көп жерге кездесуге шақырғанын жеткізген. Мен оның артынан бардым. Сол жерде екі ер адамды ұстап, Қарасай аудандық ІІБ-не жібердік. Қыз бала қылмыскерлермен бірге жүрген екен. Тоңып қалыпты. Оған дер кезінде медициналық көмек көрсетілді», - деді қалалық ІІД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкері, Эльдар Ерғалиев.

Қазір аталған оқиғаға байланысты аудандық полицияда ҚР ҚК 125-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі бірыңғай реестріне тіркелді. Бұл оқиға бойынша күдікті ретінде Раиса Брагинаның танысы ұсталды.

«Ең бірінші кезекте мен өзімнің азматтық борышымды өтеуге тырыстым. Бірнеше жылдар жастар ісі жөніндегі полицияда қызмет еттім. Балалардың қиын сәтте қалай қиналатыны маған таныс», - деді капитан.

Соңғы жаңалықтар