Алматыда 5-ші «TQM KAZ-2010» халықаралық сапа менеджерлері форумы өтеді

None
None
АСТАНА. Маусымның 21-і. ҚазАқпарат - Маусымның 23-25-і күндері Алматыда 5-ші «TQM KAZ-2010» халықаралық сапа менеджерлері форумы өтеді. Елімізде осымен 5-ші мәрте өткелі отырған шараны халықаралық менеджерлер және аудиторлар қауымдастығы ұйымдастырып отыр.

«Сапа - бәсекеге қабілеттілік жетістігінің кепілі» деген тақырыптағы форум ҚР Үкіметінің тұрақты дамуды қамтамасыз етуге және әлемдік экономикалық кеңістіктегі елдің халықаралық бірігуіне бағытталған экономикалық реформаларын қолдау мақсатында өткізіледі.

Алқалы жиынға қатысушылар сапа менеджменті саласындағы әріптестерімен қажетті проблемаларды талқылаумен қатар дамыған елдердің тәжірибелерімен таныс бола алады. Іс-шараға зерттеулері әлемнің көптеген тілдеріне аударылып, мыңдаған кәсіпорындар мен ұйымдарды басқару проблемаларын шешу үшін кеңінен пайдаланылатын есімі әлемге танымал ғалымдар, сапа саласының мамандары қатысады. Форум барысында АҚШ, Үндістан, Чехия, Ресей, Өзбекстан, Қазақстан және басқа да елдердің сапа бойынша білікті мамандары баяндама жасайды.

Форум жұмысына мемлекеттік ұйымдардың, экономиканың барлық секторындағы кәсіпорындардың, сапа қызметтерінің басшылары, ірі, орта және шағын бизнес өкілдері шақырылған. Іс-шара аясында «Үздік сапа менеджері-2010» конкурсының ақтық сыны өтеді.

Соңғы жаңалықтар