Алматыда 5 мың кітап тегін таратылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда кітап фестивалі өтіп жатыр. Шара барысында мыңдаған кітап тегін таратылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бақытжан Сағынтаев Instagram-дағы парақшасында кітап фестиваліне барғанын жазды.

«Жыл сайын өтетін VII Kitap Fest кітап фестиваліне қатыстым. Кітап құмарлардың арасында жастардың көптігі қуантады», - деп жазды Алматы әкімі.
Фестиваль аясында кітап дүкендері мен баспалардың үлкен жәрмеңкесі, «Жазушылар шатырында» қазақстандық авторлардың кітаптарының тұсаукесері, пікір мен кітап алмасу, мұрағаттық фотосуреттер көрмесі өтіп жатыр. Фестиваль қонақтары 5 мың кітапты тегін алды.


Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, фестивальге ASHYQ қосымшасында «жасыл» мәртебесі бар қалалықтар қатысып жатыр. Маска режимі де сақталған.


Соңғы жаңалықтар