Алматыда 5 машина соқтығысты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында 5 автокөлік соқтығысқан жол апаты болды, оқиға кезінде бір адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаппай соғылған автобильдердің арасында жүк көлігі де бар.

nullЖол апаты Т.Рысқұлова көшесінің бойымен Ә.Бөкейханов көшесінің қиылысына жете берген тұста орын алған.

nullКуәгерлердің айтуынша, «Лексус» маркалы көліктің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай қарсы бағыттағы жолға шығып кетіп, бірнеше көлікке соғылған. Олардың ішінде «Мицубиси Паджеро», «Фольксваген Гольф», «ГАЗ» коммуналды қызметінің ассенизаторы бар.

nullСонымен қатар, жол талғамайтын көлік «Фольксваген Джетта» маркалы автомобилді де қағып өткен.

nullБес көлікке соғылған «Лексус» жүргізушісі бірнеше жерден жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Қазір тәртіп сақшылар жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтауда.

Соңғы жаңалықтар