Алматыда 5 қыркүйек күні қоғамдық көліктер жүреді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Ертең, 5 қыркүйек күні Алматыда қоғамдық көліктер жұмыс істейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тұрғындардың өтініші бойынша, ертең, 5 қыркүйекте қоғамдық көлік, оның ішінде метро кестеге сәйкес жұмыс істейді», - деп хабарлады Алматы қаласының көлік холдингі.

Айта кетейік, қоғамдық көліктер таңғы сағат 6:00-ден бастап жүреді, бірақ жолаушы тасымалдайтын көліктердің саны жұмыс күніне қарағанда азырақ болады.


Соңғы жаңалықтар