Валюта бағамдары:
    usd/kzt 478.01 eur/kzt 488.81

    rub/kzt 7.91 cny/kzt 70.76
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Алматыда 5 қабатты үйлердің жанынан көпқабатты үй салынбайтын болды

2022 жылғы 23 маусым 20:59

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімімен кездесуде Алмалы ауданының тұрғыны құрылыс мәселесін көтерді. Ол Нұрмақов көшесінің бойында 5 қабатты үйлердің жанынан көпқабатты тұрғын үй кешенін құрылысы басталғалы жатқанын айтып шағымданы, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тоқтаусыз салынып жатқан құрылыс жан-жағымыздан қысып бітті. Үйіміздің қасындағы тұрғын үйдің қабатын азайтуды сұрап едік, ол да орындалмады. Қазір 12 қабатты үй тұрғызылды. Сонымен қатар, Нұрмақов 150 мекенжайында үйімізге қарама-қарсы бос жер бар, сол жерге саябақ салып беруді де айтып келеміз. Бірақ онда да көпқабатты үй бой көтерді. Енді мердігер жанымыздағы 2 учаскені сатып алмақшы екен. Оны тоқтату мүмкін емес сияқты», – деді қала басшысымен кездесуге келген Алмалы ауданының тұрғыны.

Алматы әкімі Ерболат Досаев ол жерге барғанын айтты.

«Мен ол жерді барып көрдім. 2 учаскеге де қала тарапынан рұқсат берілген жоқ. Олар бізді хабардар етпеді. Кім сатып алса да, Нұрмақов көшесіне ғимарат салынбайды», – деді Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев.

Бұған дейін шаһар басшысы Алматының жоғары бөлігінде 9 қабаттан жоғары ғимараттар салынбайтынын айтқан болатын.


Автор:

Алма Мұқанова

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар