Алматыда 5,7 мың адам коронавирус вакцинасын алды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда бір тәулікте 5724 адам вакцина салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«21 сәуір күні 5724 алматылық вакцина салдырды», - деп хабарлады қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 21 сәуір аралығында 155423 адамға екпе салынды. Вакцинаның екі компонентін 15 289 адам алды.

Алматы қаласында вакцинация жоспарға сәйкес жүргізілуде және сәуірдің 11-24 аралығында 100 000-нан астам адамды КВИ-ге қарсы иммундау жоспарланған.

Бүгінгі күні қалада 203 пункт жұмыс істеп жатыр, 1 809 адамнан тұратын 406 егу бригадасы бар.

Сондай-ақ, Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайында (Сәтбаев к-сі) ашылған вакциналау пункті өз жұмысын бастады. Жұмыс уақыты: 08:00-ден 20:00-ге дейін. Наурызбай ауданындағы «Таусамалы» базарында да вакцинация пункті ашылды.

Айта кетсек, мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» телеарнасындағы Akimat Live бағдарламасының тікелей эфирінде қала тұрғындарын, әсіресе аға буынды COVID-19-қа қарсы вакцина алуға шақырды.



Соңғы жаңалықтар