+7 (701) 759 90 19
USD 389.34 EUR 428.78
RUB 6.05 CNY 55.45
Jańalyqtar

Алматыда 5,6 мыңнан астам адам уақытша жұмысқа орналастырылды

2019 жылғы 5 қараша 17:38
Бөлісіңіз:
Алматыда 5,6 мыңнан астам адам уақытша жұмысқа орналастырылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 5600-ден астам адам уақытша жұмысқа орналастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысында 30 мыңнан астам адам «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысты Елордада «Еңбек» бағдарламасымен 10 мыңға жуық адам жұмысқа орналасты ШҚО-да «Еңбек» бағдарламасымен 20 мың адам жұмысқа орналастырылды

Мұндай мәліметтер Алматы қаласы мәслихатының сайтында аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсетудің «ISKER ANA» аймақтық бағдарламасын бекіту туралы шешімінде айтылған.

Құжатта көрсетілгендей, биыл 5,6 мыңнан астам адам уақытша жұмысқа орналасты. Оның ішінде көпбалалы отбасынан шыққан 702 адам - қоғамдық жұмысқа, 401 адам - әлеуметтік жұмыс орындарына, 618 адам - жастар практикасына жіберілді.

Сонымен қатар, жұмыспен қамту мәселесін шешу үшін «ISKER ANA» бағдарламасы іске қосылды.

Бағдарламаның миссиясы - жұмыссыздықты азайту, аз қамтамасыз етілген аналардың тұрмыстық жағдайын жақсартуға жәрдемдесу. Мақсаты – әлеуметтік жағынан аз қамтылған аналарға бизнес-тренерлер ұйымдастыру, кәсіпкерлік негіздерін оқыту және маркетингті қалай жасау керектігін үйрету. Сонымен қатар, бағдарламаның басты міндеті - аналарға өз кәсібін ашуға көмектесу.

Оқыту үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік тапсырысы бойынша нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Жұмыспен қамту,
Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT