Алматыда 49 жастағы әйел оныншы қабаттан секіріп, мерт болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда әйел 10-қабаттың терезесінен секіріп, қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады.

«Төле би көшесінің бойында, Сайран көлінің жанында. Бір қыз терезеден секіріп кетті. Оқиға орнында крминалистер жұмыс істеп жатыр» деп жазды желі қолданушысы.

Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, әйел 10-шы қабатта орналасқан пәтердің терезесінен секіріп кеткен.

Бұл оқиға 3 мамырда Алматы қаласының Алмалы ауданында орналасқан тұрғын үй кешендерінің бірінде болған.

«1972 жылы туған әйел психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған. Аталған факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша тіркелді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр» деп хабарлады полициядан.


Соңғы жаңалықтар