Алматыда 49 жастағы әйел мен оның үш баласы 20 жыл құжатсыз жүрген

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 49 жастағы алматылық әйел және оның үш баласы алғаш рет Қазақстан азаматтарының жеке басын куәландыратын құжаттарды алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ольга Денисованың 1974 жылғы үлгідегі (КСРО) төлқұжатын 20 жыл бұрын жоғалтқаны анықталды. Қиын жағдайды шешу үшін әйел Мемлекет басшысына жүгінді.

«Ольга Денисова 1972 жылы туған, 20 жылдан астам уақыт бойы Қазақстан Республикасының аумағында жеке басын куәландыратын құжаттарсыз өмір сүрген.Оның 1996 жылғы, 1999 жылғы және 2002 жылы туған үш баласының да жеке басын куәландыратын ешқандай құжаттары болмаған. ҚР заңнамасында көзделген міндетті рәсімдер орындалғаннан кейін, біздің бөлімнің қорытындысымен О.С.Денисова және оның балалары 20.12.1991 жылғы No1017-X11 «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заңының 3-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматтары деп танылды. Сәйкесінше, оларға Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәліктері берілді», – деді Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Ольга Денисованың қызы өз кезегінде отбасы үшін маңызды мәселені шешкені үшін ризашылығын білдірді.

«Біз еліміздің Президентінен көмек сұрадық, содан кейін олар бізге шұғыл көмектесті, құжаттарды жасады, бұл үшін мен ҚР Президентіне, Алматы қаласының көші-қон қызметіне рахмет айтамын, – дейді Александра Денисова.


Соңғы жаңалықтар