Алматыда 478 оқушы «Алтын белгі» алды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда мектеп бітірушілердің «Жас түлек-2019» фестивалі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Салтанатты шараға қатысқан қала әкімі Бауыржан Байбек түлектерге мектеп бітіру аттестаты мен «Алтын белгілерді» табыстады.null

Биыл Алматыда 8250 оқушы мектеп бітірсе, оның 478-і «Алтын белгіге» ие болды.

«Сіздердің білімге деген құштарлықтарыңыз бен табандылықтарыңыз «Алтын белгімен» марапатталды. Араларыңызда республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары, шығармашылық байқаулар мен зияткерлік ойындардың жүлдегерлері бар. Сіздер тәуелсіз Қазақстанның болашағысыздар. Барлық ата-аналар мен ұстаздарға алғысымды білдіремін», - деді Бауыржан Байбек.null

Түлектерді жасампаз жастар Ержан Максим, Данэлия Төлешова, Жан Макин құттықтап, ән арнады.null

Айта кету керек, соңғы 5 жылда Алматыда білім саласын қаржыландыру 2 есе артты. Қаладағы барлық мектептер физика, химия, биология кабинеттерімен жабдықталған.null

78 оқу орнында сейсмокүшейту жұмыстары жүргізілді. Соңғы үш жылда 3 мың орындық 3 жаңа мектеп бой көтерді. Алты мектепке жапсарластырып қосымша ғимараттар салынды.

Күзде Алатау ауданында 600 балаға шақталған тағы бір мектеп ашылады.

null null null

Соңғы жаңалықтар